Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының қілім қөлімінің оқушылар сарайы» КММ бос орындарға конкурс жариялайды.Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 2 қазан – 13 қазан аралығы@mail: tarazcvr@mail.kz, tarazcvr@mail.ru Тел: 8 (7262) 53-29-61Конкурстық құжаттар hr–nobd.edu.kz модулі арқылы қабылданады.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы қағидаларына сәйкес өткізіледі.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос
немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.№ | Лауазым атауы | Жүктеме | Еңбекақы мөлшері |
1 | «Жасанды интеллект» үйірмесіне қосымша білім беру педагогі | 12 сағат | Техникалық және кәсіптік (арнаулы орта) білімді, санаты жоқ – 78 339 тг. Жоғары білімді, санаты жоқ – 83 058 тг. |