Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының қілім қөлімінің оқушылар сарайы» КММ
бос орындарға конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 24 қыркүйек – 5 қазан аралығы
@mail: tarazcvr@mail.kz, tarazcvr@mail.ru
Тел: 8 (7262) 53-29-61
Конкурстық құжаттар hr–nobd.edu.kz модулі арқылы қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы қағидаларына сәйкес өткізіледі.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос
немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

№

Лауазым атауы

Жүктеме

Еңбекақы мөлшері

1

«Бейнелеу өнері» үйірмесіне қосымша білім беру педагогі

24 сағат

Техникалық және кәсіптік (арнаулы орта) білімді, санаты жоқ – 156 677 тг.

Жоғары білімді, санаты жоқ – 166 116 тг.

Made on
Tilda