Кілемше кестесі (ковровая вышивка)
Мәлімет: кілемше кестесі – мата бетіне арнайы ине және жіп арқылы түктер шығарып кестелеу әдісі. Бұл өнер түрі кілем тоқуға ұқсас, бірақ кестелеу тәсілімен орындалады.
Жұмыс жасау үшін арнайы пуансон инесі, рамка (пяльцы), жіп және тығыз мата қолданылады. Үлгі сурет матаға түсіріліп, ине арқылы жіп енгізіледі. Нәтижесінде матаның бетінде үлпілдек бедерлі өрнек пайда болады.
Кілемше кестесі арқылы жастық қаптары, қабырға панносы, кілемше, сөмке сияқты бұйымдар әсемделеді. Бұл кестелеу түрі шығармашылықты дамытады және үйді сәндеуге арналған ерекше қолөнер түрі болып табылады.
Информация: ковровая вышивка — это способ создания узоров на ткани с помощью специальной иглы и нитей, при котором на поверхности образуются петельки (ворс). Этот вид искусства напоминает ткачество ковров, но выполняется именно техникой вышивания.
Для работы используются специальная игла (пуансон), рамка (пяльцы), нити и плотная ткань. Сначала рисунок переносится на ткань, затем с помощью иглы вводится нить. В результате на поверхности ткани появляется мягкий, рельефный узор.
С помощью ковровой вышивки украшают наволочки, настенные панно, коврики, сумки и другие изделия. Этот вид вышивки развивает творческие способности и является оригинальным видом рукоделия для украшения дома.
Information: carpet embroidery is a method of creating patterns on fabric using a special needle and thread, in which loops (pile) are formed on the surface. This type of art resembles carpet weaving, but it is done using an embroidery technique.
This technique uses a special punch needle, embroidery hoop, thread, and thick fabric. First, the design is transferred to the fabric, then the thread is inserted using the needle. As a result, a soft, textured, and embossed pattern appears on the surface of the fabric, commonly known as punch needle embroidery or needle punching.
Carpet embroidery is used to decorate pillowcases, wall panels, rugs, bags, and other items. This type of embroidery develops creativity and is an original form of handicraft for home decoration.
Made on
Tilda